Атауы: «Қазақ мұнай және газ тасымалдау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ҚМГТИ ЖШС).
Меншік түрі: жекеше (мемлекеттің қатысуынсыз).
Қызмет түрі: Инженерлік жұмыстар және қызметтер (жобалау және жобаларды басқару). Негізгі лицензиясы I санатты жауапкершілік (жоғарғы).
Қызметкерлер саны: 140 адамнан астам.
Соның ішінде инженерлер: 100 адамнан астам. Орналастыру орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ. және Атырау қ. (филиал)
Өндірістік база: жеке меншік ғимарат 2000 м2 г. Алматы (Ташкентский даңғ., 348\1)
Интеграцияланған Менеджмент Жүйесі (ИМЖ) құрамында: ҚР СТ ИСО: 9001-2009
Сапа менеджмент жүйесі ҚР СТ ИСО: 14001-2006 Экологиялық менеджмент жүйесі ҚР СТ OHSAS: 18001-2008 Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі
Тарихы
KITNG ЖШС институты, Қазақстан Республикасының елді мекендерін, қалаларын және облыстарын газбен жабдықтау жүйелерін жобалау барысында бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында құрылған негізгі жобалау институты ретінде «ҚазГипроГаз» мемлекеттік кәсіпорын құрылған күннен бастап өз қызметін 1973 жылы бастады. Өзінің бас кәсіпорын ретінде 1998 жылға дейін әрекет ету кезеңі ішінде институт 2000-ға жуық әртүрлі жобаларды орындады және Қазақстанның барлық облыстары үшін газдандыру схемасын жасады. 1998 жылы мемлекеттік институт «ҚазГипроГаз» ЖШС жекешелендірілді. 2000-шы жылдардың басында институтта қызметтің жаңа бағыттарын меңгеру өзгерістері орын алады және компания Қазақстанның мұнай және газдың магистральды құбырларын жобалау бойынша жетекші орынға ие болады. Бұл – Азия Газ құбыры (Қазақстан-Қытай), Қазақстан-Қытай мұнай құбыры, Каспий Құбыр Консорциумы мұнай құбыры және басқа көптегендер. Орындалатын жобалардың ерекшелігін ескере отырып, 2006 жылы институт «Қазақ мұнай және газ тасымалдау институты» жаңа атауына ие болады және Атырау қаласында компанияның филиалын құрады. Дегенмен, мұнай-газ саласындағы дағдарыс құбыр тасымалдаудың көптеген жобаларын тоқтатып қойды. 2010 жылдан бастап компания осыған ұқсас және басқа технологияларды жобалауды қайтадан өзгертеді. Сонымен, елді мекендерді газдандыру және мұнай мен газды сақтау базалары үшін көптеген жобалар жасалды. Жобалау мүмкіндігін ұлғайта отырып, институт тау-кен игеру өндірістері, көлік инфрақұрылымдар, химиялық өндірістер және басқа көптеген жобалар бойынша жұмыстарды орындады. 2003 жылдан бастап барлығы 300-ден астам жоба жасалды. 2015 жылы BIM технологиясына көшу мақсаты қойылды, бұл үшін институт қайтадан кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асырады және қазіргі күні, ең озық технологияларға, жабдықтарға және жоғары кәсіби білім алған инженерлерге ие бола отырып, 3D пішімінде Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын көптеген технологияны жобалай алады. Институт болашаққа сеніммен қарайды және оған лайықты болу үшін барлығын жасайды.
Біз өз беделімізді бағалаймыз
KITNG ЖШС – әлемдік инженерлік жобалау дәстүрлеріне сүйене отырып, қазіргі заманғы және сапалы жобаларды жасау үшін ең жақсы білімдер мен интеллектуалдық ресурстарды шоғырландыратын жаңа түрдегі жобалау компаниясы. Осы арқылы, сала ретінде отандық өнеркәсіптік және азаматтық жобалауды дамытуға белсенді түрде көмектеседі.
Орындалған жобалар портфелі,
KITNG ЖШС – компанияның негізгі капиталы – бұл жинақталған тәжірибені ескере отырып, ең жақсы және инновациялық шешімдерді жасауға қабілетті әртүрлі бағыттағы кәсіби және тәжірибелі инженерлердің үлкен командасы.
Қазіргі заманғы
KITNG ЖШС – қызметтер сапасының жоғары деңгейі, қазіргі заманғы бағдарламалық жасақтаманы және жаңа техниканы пайдалана отырып, озық технологияларды пайдалану есебінен сақталады.