Мұнай-химия және мұнай өңдеу өндірістерін жобалау - түбегейлі күрделі және сонымен қатар өте қызықты міндет. Оны жүзеге асыру процесінде көптеген техникалық және технологиялық факторлар, параметрлер және сипаттамалар сақталып, ескеріліп, есептеліп және зерттелуі тиіс.
Мұнай-химия және мұнай өңдеу өндірістерін дамытамыз
Бұл жағдайда экологиялық қауіпсіздік және техногендік факторлардың адамға және қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету мәселелерін міндетті түрде ескеру керек. Мұнай өңдеу өндірісі салынған имарат кешені ұғымын білдіреді, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған, осы жабдықтың көмегімен мұнайдан жанармай, керосин, дизель отыны (солярка), мазут, барлық ықтимал техникалық майлар және қоспалар алынады. Өндіріс тиімді және қауіпсіз болуы үшін ҚНжЕ технологиялық талаптарын және нормаларын міндетті түрде ескере отырып, мұнай-химия және мұнай өңдеу өндірісін мұқият жобалау керек, сондықтан жұмысты тек тәжірибелі шеберлерге сеніп тапсырады. Бүгінгі күні KITNG ЖШС инженер-жобалаушылары инновациялық материалдарды және заманауи технологиялық жабдықты қолдана отырып жобаларды әзірлейді. Бұл жағдайда апатты болдырмай жұмыс істеу үшін барлық қажеттілікті қарастыра отырып, бүкіл имараттың барынша жоғары тиімділігіне және оны сауатты пайдалануға қол жеткізуге болады. Энергия тасымалдаушылардың жоғары өрт және жарылу қаупін назарға ала отырып, резервуарларды, сорғы және өңдеуші, қоймалар және құбырларды жобалау бойынша жұмыстарды мол жұмыс тәжірибесі бар тек білікті мамандар ғана орындайды.