Жобалау құжаттарының міндетті құраушы пакеті әзірленген және бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы болып табылады. Қауіпті объектілердің Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы – ресми құжат.
Ең қажеттісі өндірістегі қауіпсіздік
Бұл құжатта ықтимал қауіпті жағдайлар, сонымен қатар ықтимал төтенше жағдайлардың және олардың салдарларының ауқымдары толықтай көрсетіледі. Сонымен қатар, құжат талап етілген қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін кәсіпорында әзірленген шараларды декларациялайды. Декларацияны рәсімдей отырып, компания басшылығы төтенше жағдай туындаған кезде салдарларды жою үшін қажетті шараларды жедел жүргізуге дайын екендігін растайды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы қамтиды, атап айтқанда:
- Апат тәуекелін және онымен байланысты қатерлерді бағалау;
- Апаттардың алдын алу бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің белгіленген талаптарына сәйкес ҚӨО пайдалануға, ҚӨО апатты жағдайлардың салдарларын оқшаулауға және жоюға дайындығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың жеткіліктігін бағалау;
- Апат салдарларының және олардан келген залалдардың ауқымын төмендету бойынша шаралар.