Кез келген объектінің құрылысын жобалауды бастар алдында құрылыс салу болжанатын жерді зерттеп, топырақтардың сипаттамалары мен қасиеттерін, атап айтқанда: деформация және төзімділік сапаларын талдау керек.
Геологиялық және зертханалық іздестірулер үшін заманауи жабдықпен жабдықталған
Инженерлік-геологиялық ізденістерді орындау құрылыс салу болжанатын жерді егжей-тегжейлі тексеруге мүмкіндік береді. Геологиялық зерттеулер құрамында:
- Топырақтардың қасиеттерін, ең бірінші кезекте олардың физикалық және механикалық сипаттамаларын толық зерттеу, себебі олар іргетастар үшін негіз қызметін атқарады;
- Топырақтардың коррозиялық белсенділік деңгейінің сипаттамаларын және жыныстардың ісіну деңгейі бойынша көтергіш қабілеттігін дәл анықтау керек;
- Гидрогеологиялық болжау және жобаланған имаратты пайдалану кезінде және тікелей құрылыс кезеңінде туындауы мүмкін климаттық жағдайлардың ықтимал өзгерулерін тексеру;
- Конструкцияны қолайсыз құбылыстардан және қоршаған ортаның әсерлерінен, соның ішінде физикалық-геологиялық процестерден қорғау бойынша шаралардың орындалуын дер кезінде жүзеге асыру.