Сенімділік

Қазіргі заманда гидротехникалық имараттар құрылысын салмай су қоймаларын игеру және зерттеуді, соның ішінде су объектілерін қорғауды және шаруашылық қолдануды орындау мүмкін емес, атап айтқанда:

Жаңа буынды гидротехникалық имараттарды жобалаймыз

  • Жағалаулар құрылысы;
  • Бөгеттерді салу;
  • Жиектерді нығайту;
  • Су қоймаларын толтыру;
  • Шағын және үлкен гидроэлектростанцияларын, сонымен қатар, қорғаныш бөгеттерін, айлақтарды, шлюздерді, арналар мен тоннельдерді салу.
Жаңа буынды гидротехникалық имараттар ең бірінші кезекте көлдер, тоғандар, су бөгендері, су ағындары (өзендер мен теңіздер сияқты) түрінде жасанды және табиғи су қоймаларын қалыптастыру үшін жобаланады және жасалады. Сонымен қатар, жағалық аумақтарды, кенттерді, қалаларды және кәсіпорындарды селден қорғауды орындау үшін әртүрлі шаруашылық мақсаттар үшін жиналған су ресурстарын қолдану ұсынылады: ауыл шаруашылығында егістікті суару үшін, өнеркәсіпте электр энергияны өндіру үшін қолданылады. KITNG ЖШС әртүрлі күрделі гидротехникалық имараттарды жобалауды ұсынады, бірақ шағын гидростанцияларды жобалау мүмкіндігін атап өткім келеді. Себебі шағын өзендердің энергия шамасы, біздің елдегі қолданыстағы ресурстарды ескере отырып, кинетикалық энергияның аса мол қорына ие болады. Сонымен қатар, электр энергияны алу үшін су энергиясын қолдану – басқа жаңартылатын көздердің энергиясын қолданумен салыстырғанда елеулі ерекшеліктерге ие өте күрделі технологиялық процесс.


ГЭС жобалау – ерекше назар бөлетін салалар:


  • Гидроресурсқа ие орынның энергия тұтыну объектілерінен немесе электр желілерінен қашықтығы. Өте үлкен қашықтық капиталдық шығындарды айтарлықтай ұлғайтуы мүмкін.
  • Табиғат өзгерістерінің тәуекелі. Техникалық шешімдер апаттың барлық ықтимал әсерлерін ескеруі тиіс.
  • Экологиялық талаптар. Жоба қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама ережелеріне қатаң сәйкес келуі тиіс.

Экологиялық құраушы жасанды су қоймалары туралы да ұмытпау керек – бұл балық шаруашылығы, адамдардың шомылуы, қайықпен серуендеу үшін рекреация мүмкіндігі. Әрбір жағдайда біздің мамандар топырақтың геологиялық құрылымының және учаске ландшафтының ерекшеліктерін, алынатын топырақты экономикалық тиімді қолдануды, су қоймасына қызмет көрсетуді, онда судың сапасын басқаруды ескере отырып, жобаны әзірлеуден бастайды. Сонымен қатар, біз дайын тоғандарды абаттандыруды және қайта жөндеуді орындаймыз. Гидротехникалық имараттарға су беру және тазалау саласында іске қосылған ғимараттар және имараттар, соның ішінде бөгеттер, гидроэлектр станциялар, арналар, туннельдер, кеме қабылдағыштар, шлюздер, бөгеттер және тағы басқалары кіреді. Осындай имараттардың кез келген құрылысының ерекше күрделігін назарға ала отырып, нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілген талаптарды ескере отырып оны дұрыс жобалау маңызды. Көбінесе гидротехникалық имараттардың жобалау-сметалық құжаттамасы осындай тапсырмаларды орындауды біршама жеңілдететін компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы жасалады. Дұрыс жобаланған жағдайда мамандар міндетті түрде гидротехника ережелерін, теориялық есептеулерді, нормативтерді және басқа қолданбалы ғылым әзірлемелерін басшылыққа алады.

Неге біз

Бізге ...астамы сенеді
100
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі компаниялар
Біздің компанияда жұмыс істейді
140
кәсіби қызметкерлер
Біз ...астамын іске асырдық
2000
жобалар

Жобалар

Сұрау жіберу
Барлық жолдар міндетті түрде толтырылуы тиіс. Осы арқылы біз сіздің сауалыңызды қажетті маманға және жылдам жібере аламыз
+7 727 - 2-666-530/522
info@kitng.kz
Қазақстан Республикасы
050061, Алматы к., Райымбека д., 348 \ 1 (тұрғын емес жайлар 2)
Сізге қоңырау?
Барлық жолдар міндетті түрде толтырылуы тиіс. Осы арқылы біз сіздің сауалыңызды қажетті маманға және жылдам жібере аламыз
Біз қоңырау шалатын телефон нөміріңізді енгізіңіз
Сауал беру
Барлық жолдар міндетті түрде толтырылуы тиіс. Осы арқылы біз сіздің сауалыңызды қажетті маманға және жылдам жібере аламыз
+7 727 - 2-666-530/522
info@kitng.kz
Қазақстан Республикасы
050061, Алматы к., Райымбека д., 348 \ 1 (тұрғын емес жайлар 2)
Жіберген хабарламаңыз үшін рақмет
Біздің менеджерлер сізге жақын арада жауап береді.